“Ордабасының” бас бапкері Қазақстан Кубогы финалынан кейінгі баспасөз-мәслихатында журналистер сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда жерінде, су жаңа стадионда Қазақстан Кубогы финалы аяқталды. 90 минут қорытындысы бойынша престижді турнирдің бас жүлдесі қостанайлық “Тобыл” командасына бұйырды. Олар Шымкенттен келген қарсыласын 0:2 есебімен жеңді.
Осы ойыннан кейін жеңілген команданың бас бапкері Андрей Мартин Арай Есенбек есімді журналистің мына сұрағына былай жауап берді:
Сіз командадан өтемақы алмай кете бересіз бе?
Еске салсақ, осы матч барысында біздің портал Андрей Мартин үшін бұл шешуші кездесу екенін жазып кеткен болатынбыз. Осы себептен журналистер қауымы молдовалық бапкердің клубтан кету мәселесі бойынша бірқатар сұрақтар қойды