Андрей Мартин: “Ойыншыларымыздың деңгейі жетпеді”

“Ордабасы” командасының бас бапкері бүгінгі финалдық ойынды қорытындылады.

Андрей Мартин: “Ойыншыларымыздың деңгейі жетпеді”

Ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатына қатысқан Андрей Мартин бүй деді:

  • Қарсыласымыз алғашқы екі мүмкіндігін сәтті қолданып кетті. Осылайша, біздің қақпашымызға екі гол соқты. Бізде маусым бойы жасаған шабуылдарды нәтижеге айналдыру көрсеткіші төмен болған еді. Бұл жайт финалда да орын алды. Біз өзіміз ұйымдастырған шабуылдардан гол соға алмай келеміз. Мүмкін, ол үшін де өзіне сенімді әрі шеберлігі басым футболшы керек шығар?! Былайша айтқанда, ойыншыларымыздың деңгейі жетпеді. Бәрі біз қалағандай болмады. Жігіттер жеңісті қатты қалап еді… Оларға ынта-жігерлері үшін алғыс білдіремін! Алайда финалда жеңіске жету үшін барлық тұрғыдан мінсіз өнер көрсету керек. Бізді қолдап келген барша жанкүйерлерге рақмет! Өкінішке қарай, біз оларды қуанта алмадық. Тағы да “Тобылды” жеңісімен құттықтаймын!”.

Айта кетейік, "Ордабасы” командасы өз тарихында 3 мәрте Қазақстан Кубогы финалында дәл осы "Тобылдан" жеңіліп отыр. Бүгінге дейін Шымкент командасы 2007 және 2023 жылы қарсыласқа бас жүлдені беріп қойған болатын.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Ордабасы
Aladop Youtube
×