Андрей Мартин “Ордабасы” бас бапкері қызметінде қалады

29.10.2025, 15:30

Шымкенттің "Ордабасы" клубы команда тізгінін Молдовалық маман Андрей Мартиннің қолында қалдыру туралы шешім қабылдады.

Андрей Мартин “Ордабасы” бас бапкері қызметінде қалады

"Серый Cardinal” Телеграм арнасының хабарлауынша, клуб басшылығы 51 жастағы бапкердің жұмысына көңілі толып, онымен әрмен қарай да ынтымақтастықты жалғастырмақ.

Андрей Мартин "Ордабасыны" 2024 жылдың соңында басқаруға келген. Бұған дейін ол Молдованың "Петрокуб” клубында еңбек еткен. Оның жетекшілігімен Шымкенттік команда ел чемпионатын 7-орында аяқтап, Қазақстан кубогының финалына дейін жетті және Конференциялар лигасында да бақ сынап, алғашқы іріктеу кезеңінде жарысты аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×