FIFA Украиналық футбол қауымдастығының президенті Андрей Шевченконы және төрешілер жетекшісі Катерина Монзульді ұйымның тұрақты комитеттеріне сайлады.
FIFA мәліметінше, бұл шешім ұйымның 74-конгресінде бекітілген жаңа жарғы өзгерістеріне сәйкес қабылданған. Жаңа ережелердің басты мақсаты — шешім қабылдау процесіне мүше қауымдастықтардың көбірек қатысуын қамтамасыз ету және әйелдердің рөлін арттыру.
Сол тәртіп бойынша, соңғы отырыста FIFA кеңесі 2025–2029 жылдарға арналған тұрақты комитеттердің төрағалары мен мүшелерін бекітті.
Нәтижесінде, Андрей Шевченко FIFA-ның “Футболдың болашағы” комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ал Катерина Монзуль әйелдер футболы бойынша мүдделі тараптар комитетінің мүшесі атанды.
Айта кетейік, жуырда Шевченко Италия футбол даңқ залына "Шетелдік футболшылар" санатында енгізілді. Коверчано қаласында өткен салтанатты рәсім кезінде ол Италия мен "Миланға" деген шексіз алғысын білдіріп, ел мен клубқа арналған әсерлі хат оқыды.