Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Андрей Сидельниковпен ойын алдындағы көңіл-күйін сұрап, "Аладоп.кз" сайтына арнайы сұқбат алдық. Алғашқы сұрағымыз қақпашының ойын жайлы пікірін білуге арналды.
- Германия құрамасы әлемнің үздігі екендігі белгілі. Ол командада әлемнің үздік орындаушылары жиналған. Олармен терезесі тең ойнау өти қиын. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер.
- Сіз қақпашы ретінде қай ойыншыдан көбірек қауіп күтесіз?
- Менің ойымша олардың кез-келгені біздің қақпаға қауіп төндіре алады. Бөліп жарып айту қиын. Өзіл мен Хедира, Швайнштайгер мен Кросс алыстан соққы бағыттаса оңай болайын деп тұрған жоқ. Ең бастысы оларға қарсы команда болып қарсы тұру керек.
- Өзіңіз түңгі уақыттарда футбол ойнап көргенсіз бе?
- Футбол ойнағанмын. Бірақ көп емес. Біз "Ақтөбемен" Еуропа алаңдарында өнер көрсеткенде үнемі осындай сағатпен ойнайтынбыз. Оған аса қатты қорқудың керегі шамалы. Ойынның өзі көрсетеді ғой барлық дүниені.
- Жаттығуды Ұлттық құрамамен жасап жатқаныңызға қанша болды.
Біз өз алаңымызда "Шахтермен" ойнадық. Чемпионаттың 2-турында. Сол ойыннын соң Астанадамыз. 1 аптадай уақыт ұлттық құрамамен жаттығып жатырмын. Түңгі сағат 10да басталатын жаттығуларымыз бар. Соның арқасында біз түңгі ойынға дайындалып жатырмыз.
Біздің серіктес: FONBET