"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында "Шахтермен" (2:0) болған матч туралы пікір білдірді.
- Жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл маусымның басы, бірақ сіз ойыншыларды тек 80-минуттан кейін алмастырдыңыз. Мұның себебі неде?
- Сіз білесіз бе, кез-келген жаттықтырушы есеп 2:0 болған кезде бірнеше ауысым жасайды. Шынымды айтсам, біздің қосалқы құрам үлкен емес. Тек жас ойыншылардан жасақталған. Біз өзіміздің позицияларымызды табуға және жақсартуға тырысамыз. Бұл біздің басты мәселеміз. Мен әр позицияға екі ойыншыдан алғым келеді, бірақ қазір мұндай мүмкіндік жоқ. Матчтың қалай өтіп жатқанын ескере отырып, мен ештеңені өзгерткім немесе бұзғым келмеді. Біз есеп айырмасын арттырған кезде белгілі ауысымдар жасадық, тіпті ойыншылардың орындарын ауыстырдық. Сол қапталда белгілі бір мәселелер болды. Жас ойыншы үшін қиын болды (Сағи Совет).
- Сағи Советпен осы ойын туралы сөйлестіңіз бе? Недегенмен бұл оның алғашқы матчы емес пе?!
- Әрине, біз оны осы ойынға дайындадық, сөйлестік. Мен оған алаңдама дедім. Қателіктер болды, кейбір сәттерде қобалжу болды, бірақ бұл жас ойыншы үшін қалыпты жағдай.
- Трансферлік нарықта "Астанадан" белсенділік күтсек бола ма?
- Солай болғанын қалаймыз, өйткені команда екі есеге өзгерді. Бізге тағы екі-үш сапалы футболшы керек, мен басшылықпен осы жайында сөйлесіп жүрмін.
Біздің серіктес: FONBET