Андрей Тихонов команда құрамына өзгеріс енгізді

19.10.2020, 18:42
Аталған ойыншылар негізгі құраммен жаттығатын болады.
Андрей Тихонов команда құрамына өзгеріс енгізді

«Астана-М» командасының бес футболшысы негізгі құраммен жаттығатын болады. Мұндай шешімді жаңа бас жаттықтырушы Андрей Тихонов бастаған «Астананың» бапкерлер құрамы қабылдады.

Сонымен, қорғаушылар 20 жасар Самат Мәжит пен 19 жасар Рахат Маратов, жартылай қорғаушылар 20 жасар Нұржан Қуанышқалиев, 18 жасар Санжар Шураханов және 17 жасар Мейрамбек Қалмырза Алматыда жүрген елордалық командаға қосылды. Бесеуі де «Астананың» түлектері және олар осы маусымда екінші лига клубтары арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысты.

Еске салайық, 12 турдан кейін «Астана» көш басында тұрған «Қайраттан» 11 ұпайға қалып, турнирлік кестеде үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×