Андрей Тихонов: «Матч оңай болмайды, бірақ біз жеңіс үшін ойнаймыз»

29.07.2021, 16:39
«Арис» өз алаңында жанкүйерлердің қолдауына ие болады.
Андрей Тихонов: «Матч оңай болмайды, бірақ біз жеңіс үшін ойнаймыз»

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Арисқа" қарсы матчтан не күтетіні туралы пікір білдірді:

- Матчқа дайындалудамыз. Бізге алты сағат бойы ұшып келу қиынға соқты, уақыт белдеуі де үш сағатқа өзгерді. Футболшыларға физикалық жағынан аздап қиын болмақ: әсіресе, сынап бағанасы +38 градусты көрсетуде, бірақ ертең жігіттердің физикалық жағдайы жақсы болады деп үміттенеміз, өйткені олар матчтың қалай болатынын жақсы түсінеді. Стадионға 10 мың жанкүйер келеді деп күтілуде, "Арис" үлкен қолдауға ие болады және біз Грекияда жанкүйерлердің қалай қолдайтынын білеміз. Матч бізге оңайға соқпайды, бірақ біз жеңіс үшін ойнаймыз.

- Грекиялық журналисттердің сұрағы. Бірінші матчтан кейін "Астана" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сіздің командаңыз бұл матчтың фавориті деп ойлай аламыз ба және бұл келесі кезеңге шығу үшін өз септігін тигізе ме?

- Бұл ешқандай артықшылық болмайды. Мүмкіндік 50-50 деп ойлаймын, өйткені "Арис" өте жақсы команда. Бірінші ойында оларда өте жақсы мүмкіндіктер болды және бізді қиын матч күтіп тұр, сондықтан мен бұл текетіресте мүмкіндіктің тең екенін қайталап айтқым келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×