27 қазанда ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Отырыста төмендегідей шешімдер қабылданды:
Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының XXV туры
"Қайрат" – "Астана"
Көрермендерге қатысты жөнсіз әрекет істегені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Тигран Барсегян бір айға ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін ойындардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
Команданың мінез-құлқы үшін және «Fair Play» қағидасын бұзғаны үшін, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының бас бапкері Андрей Тихонов ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыратын жарыстардан жиырма төрт айға шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
"Тараз" – "Ордабасы"
Көрермендердің әдепсіз сөздер айтып, жөнсіз мінез көрсеткендері үшін Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес "Тараз" ФК 100 АЕК мөлшерінде, яғни 291 700 (екі жүз тоқсан бір мың жеті жүз) теңге айыппұл арқалады. "Тараз" ФК айыппұлды 2021 жылдың 27 қарашасына дейін төлеуі тиіс