Андрей Тихонов қиындыққа тап болды

20.10.2020, 20:31
Бейсенбі күні Тихонов «Астананың» бапкері ретінде дебюттік ойынын өткізеді.
Андрей Тихонов қиындыққа тап болды

"Астананың" жаңа бас бапкері Андрей Тихонов алдағы матчта бірқатар ойыншыларына сенім арта алмайды.

"Астана" клуыбының он шақты футболшысы түрлі жарақатына байланысты ҚПЛ-дің 14-турында "Тобылмен" болатын ойынға қатыспауы мүмкін. Жартылай қорғаушы Юрий Перцух пен шабуылшы Алексей Щеткин Қазақстан құрамасының орналасқан жерінен жарақат алып келді, Дорин Ротариу, Антонио Рукавина, Тигран Барсегянның да денсаулығында мәселелер бар. Шабуылшы Пиерос Сотириу да Кипр ұлттық құрамасының матчында жарақат алып қалды.

Негізгі құрамда шығуға мүмкіндігі бар, сау футболшылардың қатарында қорғаушылар Дмитрий Шомко, Лука Шимунович пен шабуылшы Марин Томасовты атап өтуге болады. Елордалық клубтың медициналық штабы жарақат алған кейбір ойыншыларды тезірек қайтаруға тырысуда.

Айта кетейік, "Астана" мен "Тобыл" арасындағы матч 22 қазанда, сағат 17:00-де "Жас Қыран" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×