Андрей Тихонов “Енисей” клубындағы қызметін тәмамдады

55 жастағы маман 2020/21 жылғы маусымда елордалық “Астананы” жаттықтырған болатын.

Андрей Тихонов “Енисей” клубындағы қызметін тәмамдады

Еске салсақ, Тихонов 2020 жылдың қазан айында “Крылья” Советов командасын тастап, елордаға ат басын бұрған болатын. Оның тізгінінде “Астана” жалпы 44 матч өткізіп, соның 25 жеңіп, 9 тең ойнап, қалған 10 жеңіліс тапты. Одан кейін, жаттықтырушы 2021 жылдың қараша айында “Енисейге” қызметке орналасты. 

Айта кетейік, “Енисей” ФНЛ турнирінің өткен маусымында 21 ойында 23 ұпай жинап, кестеде 13 орында тұрақтаған болатын. 

Алдағы уақытта Тихоновтың орнына ресейоік ұжымда Александр Сторожук пен Александр Тархановтың біреуі келеді деп күтілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Астана
Aladop Youtube
×