Биыл ҚПЛ-де «Қайратпен» топ жарған Андрей Ульшин мансабын Қостанайда жалғастыратын болды.
Біздегі ақпаратқа сәйкес, 24-жастағы жартылай қорғаушы «Тобылдың» намысын қорғамақ.
Андрей Ульшин үшін өткен маусым өте нәтижелі болды. Жартылай қорғаушы алматылық команда сапында барлық турнирдегі 19 ойында 4 дос соғып, үш ассист берген. Сондай-ақ, биыл тұңғыш рет ұлттық құрама қатарына шақырту алды. Алматылық футболшы Қазақстанның Ұлттар Лигасы аясындағы Аустрия мен Словенияға қарсы кездесулеріне қатысатындардың тізімінде болған. алайда, қазан айындағы қос ойында да қосалқы құрамда қалып, алаңнан бой көрсеткен жоқ.
Айта кетейік, чемпионат аяқталған соң Андрейдің «Қайраттан» кететіні белгілі болған. Футболшының өз мансабын еуропада жалғастырғысы келетіні жайлы да ақпараттар тарады. Бірақ бізге келген мәліметтерге сүйенсек, жартылай қорғаушы келесі маусымда да Қазақстанның премьер-лигасында доп тебетін көрінеді.
Біздің серіктес: FONBET