26 жастағы румыниялық қақпашының ақ-қызылдар сапында мерзімі аяқталғамаған келісім шарты бар.
“Ақтөбе” қақпашысы соңғы кездері келісілген матч өткізуде, соның кесірінен ол Николай Костов командасынан кетеді деген ақпараттар желдей есіп еді. Алайда румыниялық қақпа қорғаны қазақстандық клубта қала беретін болды.
Стяуа клубынан ауысып келген Андрей осы маусымда “Ақтөбе”жейдесінде 28 матч өткізіп, 32 гол жіберді.
Айтпақшы, “Ұлытауда” осы маусымда жақсы өнер көрсеткен Дмитрий Непогодов Николай Костов командасына келмейтін болды. Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы Влад кеткен жағдайда ұжымға келіп қосылады деген жоспар туындаған еді.