Андрия Филипович «Атырауда» қалатынын мәлімдеді

26.07.2022, 19:34
Хорватиялық футболшы үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді.
Андрия Филипович «Атырауда» қалатынын мәлімдеді

«Атыраудың» 25 жастағы шабуылшысы Андрия Филипович «Ақтөбеге» ауысуы туралы тараған қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды «мұнайшылардың» баспасөз қызметі:

- Құрметті «Атырау» жанкүйерлері, мен мәлімдеме жасағым келеді. Қолдау көрсеткен директорларыма, командаластарыма, жанкүйерлеріме және қалаға рахмет! Мен ешқайда кетпеймін. «Атырау», мен сіздермен соңына дейін бірге боламын! Алға, «Атырау»! - деді футболшы.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Филипович «мұнайшылар» үшін 15 ойын өткізіп, 9 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×