Ағылшын Премьер лигасының чемпионы, "Челсидің" бұрынғы ойыншысы Нигериялық Виктор Мозес осы аптаның соңында "Қайсар" клубымен ресми түрде келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Aladop.kz.
35 жастағы Виктор “Қасқырлар” сапында 2026 жылдың соңына дейін өнер көрсетпек.
Дереккөздердің мәліметінше Виктор Мозесті жанкүйерлерге ресми таныстыру шарасы 24 қаңтар күні Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Мозестің футболдағы жолы өте бай әрі табысты. Ол мансабын Англиядағы "Кристал Пэлас” сапында бастап, кейіннен "Уиган Атлетикте” өзін жақсы қырларынан танытты. Оның ойынына Еуропалық алпауыттардың бірі — “Челси" қызығушылық танытып, 2012 жылы өз сапына қосты.
Оның басты жетістіктері мен клубтары:
Виктор Мозес жасөспірім шағында Англияның түрлі деңгейдегі құрамаларында ойнағанымен, кейіннен тарихи отаны Нигерияны таңдады.
• Нигерия құрамасымен бірге 2013 жылы Африка Ұлттары Кубогында жеңімпаз атанды.
• 2014 және 2018 жылғы Әлем чемпионаттарына қатысты.
• Ұлттық құрама сапында 38 ойын өткізіп, 12 голдың авторы атанды.
Бұл трансфер "Қайсар” клубының ғана емес, бүкіл Қазақстан чемпионатының деңгейін көтеріп, жанкүйерлердің қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.