Англия ұлттық құрамасының наурыз айында өтетін ойындарына шақырту алған футболшылар тізімі белгілі болды

14.03.2024, 20:58

“Үш арыстан” ұжымы Бразилия мен Бельгия ұжымдарына қарсы матчтарға қатысатын аяқдопшылар тізімін жасақтады, деп жазады Аладоп.кз.  

Англия ұлттық құрамасының наурыз айында өтетін ойындарына шақырту алған футболшылар тізімі белгілі болды

Жалпы құраманың наурыз айындағы ойындарына бас бапкер Гарет Саутгейт 25 ойыншыны шақыртыпты.

Айта кетейік, Англия командасына алғаш рет «Эвертон» қорғаушысы Джерред Брэнтуэйт пен «Ньюкасл» шабуылшысы Энтони Гордон келіп қосылып отыр. 

Одан тағысы, құрамаға 8 айлық дисквалификациядан кейін Айвен Тоуни мен соңғы рет 2020 жылы ел командасына шақырту алған Джо Гомес қайта оралды. 

Қақпашылар: Сэм Джонстон («Кристал Пэлас»), Джордан Пикфорд («Эвертон»), Аарон Рэмсдейл («Арсенал»);

Қорғаушылар: Джерред Брэнтуэйт («Эвертон»), Бен Чилуэлл («Челси»), Льюис Данк («Брайтон»), Джо Гомес («Ливерпуль»), Харри Магуайр («Манчестер Юнайтед»), Эзри Конса («Астон Вилла»), Джон Стоунз, Кайл Уокер (екеуі – «Манчестер Сити»);

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем («Реал»), Конор Галлахер («Челси»), Джордан Хендерсон («Аякс»), Джеймс Мэддисон («Тоттенхэм»), Деклан Райс («Арсенал»);

Шабуылшылар: Джеррод Боуэн («Вест Хэм»), Филип Фоден («Манчестер Сити»), Энтони Гордон («Ньюкасл»), Харри Кейн («Бавария»), Коул Палмер («Челси»), Маркус Рэшфорд («Манчестер Юнайтед»), Букайо Сака («Арсенал»), Олли Уоткинс («Астон Вилла»), Айвен Тоуни («Брентфорд»).

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол Англия
Серіктес жаңалықтары
×