
Vince деген лақап атпен танылған Англиялық блогер Қазақстандық жас талант Дастан Сатпаевтың ойынына жан-жақты талдау жасап, оның болашағына зор сенім білдірді. Айта кетейік, Дастан 18 жасқа толған соң, 2026 жылдың жазында ресми түрде Лондонның "Челси" клубына қосылады.
"16 жастағы Дастан Сатпаев биылғы маусымда шабуылшы ретінде бір ойында орта есеппен 5,8 доп үшінгі жекпе-жекке қатысуда. Мысалы, “Челсидің” қорғаныстағы жартылай қорғаушы Кайседо – 6,1, ал шабуылшылары Джексон – 3, Нето – 2,7. Бірінші байқағаным – Сатпаев үнемі прессинг жасайды және күрестен қашпайды. Доп үшінгі жекпе-жектерде жиі жеңілетіні рас, бірақ ол небәрі 16 жаста. Бірақ бұл жағдай оның күресуге деген құлшынысын жоймайды – бұл өте үміт күттірерлік қасиет.” – деп жазды Vince.
Сарапшы Сатпаевтың жас болса да өте ақылды ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өткен. Ол классикалық орталық шабуылшы емес, универсалды, командалық ойынға бейім шабуылшы екенін атады.
"Ол таза тоғыздық емес. Керісінше, классикалық ондық немесе екінші шабуылшы секілді, тереңнен ойынды бастайтын футболшы. Ол кеңістікті жақсы пайдаланады және команда үшін ойнайды – доптың өзіне келуін күтетіндердің бірі емес.” – дейді автор.
Материалда Дастанның футболға деген көзқарасы, еңбекқорлығы мен өсуге деген ұмтылысы ерекше атап өтілген. Британдық блогердің айтуынша, егер Сатпаев осы қарқынын жоғалтпай, дами берсе, болашағы өте жарқын болмақ:
"Егер бәрі ойдағыдай болса, ол жоғары деңгейдегі футболшы болады. Оны жетелейтін – талант пен дұрыс көзқарас. Бұл екеуі де Дастанда бар."
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET