
“Арсенал” клубы жазғы трансферлік терезеде “AC Миланның” шабуылшысы Рафаэль Леаоны өз қатарына қосуға қызығушылық танытуда. Дегенмен, қазіргі уақытта ол клубтың басты нысанасы емес. Бұл туралы француздық “Foot Mercato” басылымы хабарлады.
Рафаэль Леао 2023 жылы “АС Миланмен” 2028 жылға дейін келісімшартқа отырды, оның ішінде €175 миллиондық босату шарттары /келісімшартты үзу/ бар. Бірақ, “AC Милан” Леаоны жазғы трансферлік терезеде €100 миллион шамасында бағаға сатуға дайын.
“Арсенал” клубы Леаоны өз қатарына қосу үшін €100 миллиондық ұсыныс жасауға дайын. Алайда, клубтың басты нысанасы “Атлетик Бильбаоның” шабуылшысы Нико Уильямс.
Леаоға қызығушылық танытқан басқа клубтар арасында “Челси” де бар. “Челси” клубы Леаоны өз қатарына қосу үшін алғашқы келіссөздерді бастаған.
Біздің серіктес: FONBET