Англия Премьер лигасында өнер көрсететін «Брайтон» клубы Аламгир Смақовқа назар аударды. Ағылшын командасының скауттары 19 жасқа дейінгі Қазақстан және Бельгия құрамалары арасындағы кездесуге қатысып, футболшының өнерін бақылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Scout in Eurasia дереккөзінің мәліметінше, Ағылшын клубының өкілдері 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өтетін Қазақстан – Бельгия кездесуіне арнайы баруды көздеп отыр.
Скауттардың басты мақсаты — Аламгир Смақовтың халықаралық деңгейдегі ойынын бақылап, оның футболшылық мүмкіндіктеріне баға беру.
Атап айтқанда, Ағылшын клубының мамандары жас ойыншының алаңдағы әрекеттерін, қарсыласқа қарсы күрестегі қабілетін және жоғары деңгейдегі матчта өзін қалай көрсететінін бағалай алады.
Әзірге әңгіме тек скауттық бақылау мен футболшыға деген қызығушылық жөнінде.
«Брайтон» — Англия Премьер лигасында өнер көрсететін және жас таланттарды іздеуге ерекше көңіл бөлетін клубтардың бірі.
Сондықтан мұндай команданың қазақстандық футболшыға қызығушылық танытуы оның болашақ мансабы үшін маңызды мүмкіндік болуы ықтимал.