Англия Германия құрамасын жеңіп, ширек финалға шықты

30.06.2021, 05:05
Екі гол да бір сценарий бойынша соғылды.
Англия Германия құрамасын жеңіп, ширек финалға шықты

2020 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Англия құрамасы Германия құрамасымен кездесті. Ойын Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Кездесудің 75-минутында Англияның жартылай қорғаушысы Джек Грилиш сол қапталға пас шығарды, бұл жерге Люк Шоу жүгіріп кіріп, айып алаңына жерлете пас асырды, ал Рахим Стерлинг бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланды. 86-минутта шабуылшы Гарри Кейн чемпионаттағы алғашқы голын соғып, Англия құрамасының басымдығын нығайтты. "Манчестер Юнайтедтің" қорғаушысы Гарри Магуайр матчтың үздік ойыншысы атанды.

Осылайша Англия құрамасы Еуро-2020 турнирінің ширек финалына шықты, ал Германия құрамасы турнирді плэй-офф кезеңінен аяқтады. Еуропа чемпионатының ширек финалында Англия Швеция - Украина жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×