Англия Премьер-лигасының қараша айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

12.12.2020, 00:16
Фернандеш үшінші мәрте осы сыйлыққа ие болды.
Англия Премьер-лигасының қараша айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

"Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Бруно Фернандеш Англия премьер-лигасының қараша айындағы ең үздік футболшысы деп танылды.

26 жастағы португалиялық футболшы дауыс беру барысында Бенджамин Чилуэллден ("Челси"), Джек Грилиштен ("Астон Вилла"), Пьер-Эмиль Хёйбергтен ("Тоттенхэм"), Анжело Огбоннадан ("Вест Хэм Юнайтед") және Джеймс Уорд-Прауздан ("Саутгемптон") озып кетті.

Қараша айында Фернандеш "Манчестер Юнайтед" сапында 4 матч өткізіп, 4 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Осы кезеңде "қызыл сойқандар" "Саутгемптонды" (3:2), "Вест Бромвич Альбионды" (10) және "Эвертонды" (3:1) жеңіп, "Арсеналға" (0:1) есе жіберді.

"Тоттенхэм" бапкері Жозе Моуриньо Премьер-лигадағы қараша айының үздік бапкері деп танылды.

Моуриньо дауыс беру кезінде Дэвид Мойесті ("Вест Хэм Юнайтед"), Фрэнк Лэмпардты ("Челси"), Уле-Гуннар Сульшерді ("Манчестер Юнайтед") артқа тастады.

Лондондық клуб Жозенің басшылығымен 4 кездесуде 3 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Оның ішінде "Брайтонды" (2:1), Вест Бромвич Альбионды" (1:0), "Манчестер Ситиді" (2:0) жеңсе, "Челсимен" (0:0) тең ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×