Англия Ұлттар лигасында В дивизионына түсіп қалды

24.09.2022, 16:42
Ағылшындар бес матчта екі ғана ұпай жинады.
Англия Ұлттар лигасында В дивизионына түсіп қалды

Англия құрамасы осы маусымдағы Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша В лигасына түсіп қалады. Гарет Саутгейттің командасы топтық кезеңнің аяқталуына бір тур қалғанда үшінші орын алу мүмкіндігінен де айырылды.

Бесінші турда ағылшындар сырт алаңда Италия құрамасынан 0:1 есебімен ұтылды. Бес ойында Англия екі рет тең түсіп, үшеуінде жеңілді. Атап айтсақ, Венгрия (0:1 және 0:4) мен Италияға (0:1) есе жіберіп, Италия (0:0) және Германиямен (1:1) тең түсті. Гарет Саутгейттің командасы бес матчта бір ғана гол соқты (оның өзін пенальтиден).

Кеше «Ньюкаслдың» қақпашысы Ник Поуп Англия құрамасының негізгі құрамына енді. Поуп тарихқа Англия құрамасында ойнаған «Ньюкаслдың» екінші қақпашысы ретінде енді. Соңғы рет 1901 жылы «сауысқандардың» қақпашысы Мэттью Кингсли ағылшындардың намысын қорғаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×