Англияда ойнаған француз футболшысы мансабын Қазақстанда жалғастырады

14.02.2021, 22:17
Жартылай қорғаушы жаңа командасында бір матчқа қатысып үлгерді.
Англияда ойнаған француз футболшысы мансабын Қазақстанда жалғастырады

Француз жартылай қорғаушысы Усман Фане "Атырауда" қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

27 жастағы футболшы Усман Фане "мұнайшылардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды. Футболшы "Атырау" сапында Украинаның "Агробизнес" клубына қарсы өткен жолдастық кездесуде бой көрсетті (0:1).

Фане бұған дейін Англияның төменгі лигаларының клубтарында ойнаған - "Олдхэм Атлетик" және "Шрусбери Таун". Француздың соңғы клубы малайзиялық "UiTM FC" командасы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×