Аргентиналық жартылай қорғаушы Анхель Ди Мария Катарда өтетін әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
«Катардағы әлем чемпионатынан кейін мен ұлттық құрамада ойнамаймын. Басқа да жас жігіттерге мүмкіндік беру қажет. Олар халықаралық деңгейде ойнайды, жақсарып келеді және бірте-бірте біздің еліміздің намысын лайықты түрде қорғай алатынын дәлелдейді», - деді Ди Мария Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.
34 жастағы Анхель Ди Мария Аргентина құрамасы үшін 121 матч өткізіп, 24 гол соққан. Ол 2021 жылы шілдеде Бразилияға қарсы өткен Америка кубогінің финалында жеңіс голын соқты.
Еске салайық, Анхель Ди Мария бір апта бұрын ПСЖ-дан кететінін де хабарлаған болатын.
Ертең, 1 маусымда Аргентина құрамасы Finallissima деп аталатын турнир аясында Италия құрамасымен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET