Анхель Ди Мария “Росарио Сентральге” қайтып оралды

08.07.2025, 10:00

Аргентиналық "Росарио Сентраль" клубы жақында құрамына қосқан Анхель Ди Марияны ресми түрде таныстырып, ойыншының қайтып оралуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Анхель Ди Мария “Росарио Сентральге” қайтып оралды

Ди Мария осы Аргентиналық клубтың академиясының түлегі болып табылады. Ол "Росарио Сентральдің” негізгі құрамында 2006–2007 жылдар аралығында ойнаған. Сол кезеңде ол барлық турнирлерде 39 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Клубқа оралғанға дейін 37 жастағы шабуылшы Португалияның "Бенфика" командасында өнер көрсетті. Өткен маусымда Ди Мария Португал лигасында 25 ойынға қатысып, 8 гол соғып, 5 нәтижелі паспен көзге түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×