Ансу Фати Мессидің сегіз жыл бұрынғы рекордын қайталады

28.09.2020, 18:17
Месси командадан еш ойланбай кете берсе болады.
Ансу Фати Мессидің сегіз жыл бұрынғы рекордын қайталады

Испания чемпионатының үшінші турында «Барселона» «Вильярреалды» 4:0 есебімен жеңді. Кездесу "Камп Ноу" стадионында өтті. Ансу Фати осы кездесуде дубль жасады, ал Лионель Месси мен «Вильярреалдың» қорғаушысы Пау Торрес тағы бір-бір голдан соқты.

Фати - "Барселона" сапындағы соңғы сегіз жыл ішінде матчтың алғашқы 20 минутында дубль жасаған бірінші ойыншы, Фати бұл нәтижеге қол жеткізген "Барселонадағы" бесінші ойыншы атанды. Мұны бұрын Марти Вентольре (1933 ж), Шандор Кочиш (1961 ж), Лафос Бустильо (1969 ж) және Лионель Месси (2012 ж) жасаған.

«Барселона» келесі кездесуін 1 қазанда «Сельтаға» қарсы өткізеді. Ал «Вильярреал» 30 қыркүйекте өз алаңында «Алавеспен» ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×