"Барселонаның" шабуылшысы Ансумане Фати тізесіне ота жасатты. Хирургтар оған 1,5 сағат бойы ота жасады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Операция сәтті аяқталды.
Marca басылымы хабарлағандай, 18 жастағы бозбала енді үш айдан бес айға дейін алаңға шықпауы мүмкін. Футболшы Испания чемпионатының 9-шы турында "Бетиспен" өткен матчта (5:2) сол жақ тізесін жарақаттап алған еді.
Фати "Барселонаның" негізгі командасында 2019 жылдан бері ойнайды. Испания чемпионатының ағымдағы маусымында ол "Барселона" сапында жеті ойынға қатысып, төрт гол соқты. Фатидің каталондық клубпен қазіргі келісімі 2022 жылға дейін жасалған. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасындағы 3 ойында 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET