Анте Миша Қырғызстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Соңғы рет 58 жастағы маман “Аль-Салмия” ұжымын баптаған болатын. 

Анте Миша Қырғызстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Қазірде Қырғызстан құрамасын жаттықтыратын бапкер жоқ. Федерация тіпті аталған қызметті уақытқа атқаратын маманды да тағайындап үлгермеген. Сол себептен қырғыз құрама қазан айында өткізуі тиіс бірқатар ойындарынан бас тартқан. 

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қырғызстан командасына Анте Миша келуі мүмкін. 58 жастағы футбол қызметкері құрамаға басты үміткер ретінде қарастырылуда. 

Анте 2016 жылғы Еуро турнирінде Хорватияның бас бапкері Анте Чачичтің көмекшісі болған. Жаттықтырушы ретінде Миша Кувейт Чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қырғызстан
Aladop Youtube
×