
Бразилиялық футболшы Антони балалық шағын еске алып, өмірі дүниеге келген сәтінен бастап күреске толы болғанын айтты. Ол бұл туралы Movistar+ арнасының Universo Valdano бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
“Мен адамдардың қарапайымдылығын ерекше бағалаймын. Тіршілігіміз қаншалықты қиын болса да, ата-анам маған үнемі дұрыс бағыт-бағдар беріп отырды. Мен бала кезімнен арманыма сенген, алға ұмтылудан танбайтын табанды жан болдым. Мен мерзімінен бұрын, жеті айлық болып дүниеге келдім. Дәрігерлер анам екеуіміздің біреуімізді ғана құтқара аламыз деді. Бірақ Құдайға шүкір, екеуміз де аман қалдық. Менің өмірімдегі күрес сол сәттен басталды.” – деді Антони.
Біздің серіктес: FONBET