Антонио Конте «Интерден» кетуі мүмкін

22.08.2020, 15:18
Орнын басатын бапкер де дайын тұр екен.
Антонио Конте «Интерден» кетуі мүмкін

The Guardian журналының беделді италиялық журналисі Фабрицио Романо Twitter-де «Интер» клубының жаттықтырушы ауысуы мүмкін деген ақпаратпен бөлісті.

Келесі аптада «Интер» басшылығы клубтың қазіргі бас бапкері Антонио Контемен кездесіп, клубтағы болашағын талқылап көреді. 51 жастағы маманмен қоштасқан жағдайда оның орнын 2019 жылдың мамыр айынан бері жұмыссыз жүрген 53 жастағы Массимилиано Аллегри басады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Аллегри Контені Италияның басқа бір клубы «Ювентуста» ауыстырған болатын. А сериясының соңғы маусымында Антонио Конте бастаған «Интер» «Ювентустан» бір ұпай артта қалып, 2-орын алды. Италия кубогында Милан қаласының клубы екі матчтың нәтижесінде «Наполиға» 1:2 есебімен жеңілді (0:1, 1:1), ал Еуропа лигасында Конте шәкірттері финалға шықты, бірақ "Севильядан" жеңіліп қалды (2:3).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×