Антонио Конте: Италияға трофеймен қайтамыз

20.08.2020, 08:13
Антонио Конте Еуропа лигасының финалы алдында сұқбат берді.
Антонио Конте: Италияға трофеймен қайтамыз

- Біз "Севилья" секілді мықты қарсыласпен ойнаймыз. Олар өте тәжірибиелі. Испан клубы соңғы 10 жылда осы жарысты ең көп жеңген команда болып отыр. Сондықтан өте мұқият болуымыз керек те, өзіміздің ойынымыздан жаңылмауымыз қажет. Финалға тек үздіктер ғана шығады. Ойыннан кейін футболшыларым ештеңеге де өкінбейміз деп айтатындай болуы тиіс. Италияға трофейді алып қайтамыз. Біз өзіміздің мықты екендігімізді дәлелдесек жеткілікті.

Лаутаро мен Лукаку жайлы

- Лукакуды мен осыған дейінгі клубтарыма шақырғым келіп жүрді. Мен Ромелудың статистикасына қанықпын. Ал Лаутароны мен өткен жылы тек теледидардан ғана көрдім. Ол оның үстіне алаңға көп шыға бермейтін. Лукаку мен Мартинес бірге жұмыс істеген соң бір-бірімен түсіністіктері арта түсті. Әйтпесе, кейбір шабуылшылар өзім гол соқсам екен деп, пас бермейді. Бірақ, керек кезде олар команда үшін ғана ойнайтындықтарын түсініп тұрады.

"Интердегі" алғашқы маусымы жайлы

- Біз негізі қатты қапалы болып келдік. Себебі, біздің орнымыз Чемпиондар лигасында еді. Бірақ, стақанды жартысына дейін толтырған секілді, көңіліміз де жартылай көтеріңкі. Себебі, біз Еуропа лигасының финалына жолдама алдық. Маусым барысында бірнеше элементті ауыстырдық. Соның арқасында ойын мәнерін күшейттік. Тәжірибиесі аз жастарымыз бар. Солар үшін мына трофейді жеңуіміз қажет.

Диего Годин жайлы

- Диего біздің ойынға үйренісіп алды. Оның бұрынғы командасы (Атлетико) басқаша ойнайды. Қазір ол қорғаныстан шығып, шабуылға араласып, белсенді болып жүр. Қақпадан 40-50 метр алыс жүген кезде автоматты түрде қорғаушы режиміне ауысып кетеді. Оның кәсіпқойлығы, күші бәріне жетеді. Біздің командаға келіп мүлде басқа ойын тактикасына сіңісіп кеткені үшін тек қана рахмет айтамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×