
“Ювентус” Антонио Контені қайтадан бас бапкер ретінде тағайындау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Ттальяндық спорт журналист Николо Скира хабарлады.
Антонио Конте қазіргі уақытта "Наполи" клубының бас бапкері қызметін атқаруда. 2024 жылы маусым айында ол үш жылдық келісімшартқа қол қойып, клубты басқаруға кірісті. Конте кеше ғана “Наполимен” бірге Италия чемпионы атанып, өзінің бесінші Скудеттосына қол жеткізді және Италия чемпионатын үш түрлі клубпен жеңіп алған алғашқы бапкер атанды.
“Ювентус” клубы қазіргі уақытта бас бапкер Игор Тудормен маусым соңына дейін келісімшартқа ие. Алайда, клуб басшылығы Конте сияқты тәжірибелі бапкерді қайта шақыру арқылы команданың нәтижелерін жақсартуды көздеуде. Конте бұған дейін 2011–2014 жылдар аралығында “Ювентусты” жаттықтырып, қатарынан үш рет Серия А чемпионы атанған болатын.
Біздің серіктес: FONBET