Антонио Конте «Тоттенхэмнің» бас бапкері атанды

02.11.2021, 23:14
Конте қыста жаңа ойыншылар алу үшін 180 миллион еуро жұмсамақ.
Антонио Конте «Тоттенхэмнің» бас бапкері атанды

"Тоттенхэм" клубы Антонио Контені бас бапкер қызметіне тағайындады. Италиялық маманның "Тоттенхэммен" келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген. Бапкер жылына 18,3 миллион еуро табатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 1 қарашада "Тоттенхэм" Нуну Эшпириту Сантудың қызметінен босатылғанын хабарлады. Лондондық клуб Премьер-лиганың 10-турында "Манчестер Юнайтедтен" оңбай ұтылған болатын. Осы ойыннан кейін португалиялық маманды жұмыстан шығару туралы шешім қвбылданды.

Конте бұған дейін "Челси", "Интер" және "Ювентус" командаларын жаттықтырған. Лондондық клуб италиялық маманға қысқы трансферлік терезеде шамамен 180 миллион еуро бөлуге дайын екен. Бұған дейін Антонио "Тоттенхэм" басшылығына команданы қыста 3-4 жаңа ойыншымен күшейткісі келетінін ашық айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×