Антонио Рукавина: «Ненадтың мансабын аяқтауы - «Астана» үшін ең үлкен шығын»

04.03.2021, 16:40
Ненад жақын арада болашағына қатысты шешім қабылдайды.
Антонио Рукавина: «Ненадтың мансабын аяқтауы - «Астана» үшін ең үлкен шығын»

«Астана» клубының қорғаушысы және вице-капитаны Антонио Рукавина Sputnik.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Ненад Эричтің командадан кетуі туралы пікір білдірді.

- Кеше ресми түрде Ненад «Астанадан» кетті. Сіз онымен бұрыннан бері доссыз, бұл туралы не ойлайсыз?

- Егер сіз Қазақстанда футболға қызығушылық танытатын кез-келген адамнан сұрасаңыз, ешкім Ненад туралы жаман пікір айта алмайды. Ол аңыз. Футболшы ретінде де, адам ретінде де. Биыл командадан кеткен барлық ойыншылар біз үшін маңызды болды, бірақ Ненадтың мансабын аяқтауы - «Астана» үшін ең үлкен шығын.

Ол физикалық тұрғыдан қарағанда тағы бірнеше жыл ойнауға дайын, бірақ жағдай осылай болды. Ненадтың мансабын аяқтауы бүкіл Қазақстан үшін өте өкінішті жағдай, бірақ бірнеше жылдан кейін менеджер немесе жаттықтырушы ретінде қазақстандық футболға оралады деп ойлаймын.

- Сіз Эрич өзінің мансабын аяқтады деп айттыңыз, бірақ өзі бұл туралы айтпады ғой.

- Мен «Астанадағы» мансабын аяқтады деп айтқым келген (күліп). Бірақ егер 38 жастағы ойыншының мансабында кідіріс болса, форманы қалпына келтіру қиын болады. Ол әлі бірнеше жыл бойы Қазақстанда ойнауы мүмкін еді, бірақ қазір командасыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×