Антонио Рюдигер мансабын Испанияда жалғастырады

24.04.2022, 18:11
Футболшы жазда еркін агент атанады.
Антонио Рюдигер мансабын Испанияда жалғастырады

«Челсидің» қорғаушысы Антонио Рюдигер маусым соңында клубтан кетеді, деп жазады Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, неміс қорғаушысы клубтың жаңа қожайыны кім болатынын білу үшін екі ай күткен. Бірақ ақыр соңында мансабын «Реал Мадрид» командасында жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Қос тарап жақын арада келіссөздерді аяқтайды. Мадридтік клубтың басшылығы Рюдигердің «Сантьяго Бернабеудегі» ойынына тәнті болған.

Еске салайық, Рюдигер «Челсиге» 2017 жылы «Ромадан» ауысып келді. Неміс қорғаушысы осы маусымда Премьер-лигада 28 ойын өткізіп, 3 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×