Антуан “Атлетико” ұжымындағы мерейтойлы голын соқты

Кеше француз Мадрид командасымен бірге “Айнтрахтты” 5:1 есебімен ойсыратты.

Антуан “Атлетико” ұжымындағы мерейтойлы голын соқты

Чемпиондар Лигасының 2-тур кездесуінде матрасшылар сапынан: Джакомо Распадори (4 минут), Робен Ле Норман (33), Антуан Гризманн (45), Джулиано Симеоне (70) және Хулиан Альварес (82) гол соқты.

Ал Франкфурт ұжымынан жұбаныш голын Йонатан Буркардт соқты (57).

Кешегі ойында ерекшеленген Гризманн “Атлетико” жейдесіндегі 200 голын тіркеді. Бұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін шабуылшыға 454 ойын қажет болды. Антуан матрасшылар командасының тағы бір аңыз сұрмергені саналатын Луи Арагонесті жалпы 28 голға артта қалдырды.

Келесі турда “Атлетико” 21 қазан күні “Арсеналға” қарсы ойнайды. Ал “Айнтрахт” болса, 22 қазан күні “Ливерпульмен” кім мықтыны анықтайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×