Француз шабуылшысы бүгін “Атлетико Мадридтің” “Реалдан” басым түсуіне көмектесті.
“Ванда Метрополитано” стадионында болған ойында 90 минут қорытындысы бойынша бас-аяғы 7 гол соғылды. Алаң иелері жанкүйерлерінің қуанышына орай, соның 5-еуін матрасшылар салды. Матч барысында Симеоне командасы сапында Александр Серлот, Роберт Ле Норманн, Хулиан Альварес дубль және Антуан Гризманн ерекшеленді.
34 жастағы француз өзінің 7 матчқа созылған голсыз сериясына нүкте қойды. Гризманн соңғы рет 9 тамыз күні өткен “Ньюкасл” - “Атлетико” матчында көзге түсті. Одан кейін Антуан “Эльчеге”, “Ливерпульге”, “Эспаньолға”, “Алавеске”, “Вильярреалға”, “Мальоркаға”, “Райоға” қарсы кездесулерде нәтижелі әрекет тіркей алмады.
Айтпақшы, Гризманн бүгінгі ойында көзге түсу арқылы Ла Лиганың осы маусымындағы бірінші голын өз атына жазды. Жалпы “Атлетико” ойыншысы испан біріншілігінің осы маусымында барлығы 6 матч өткізді.