«Антверпен» футболшысы жаттығуға қарсылас команданың жейдесін киіп келді

06.01.2021 19:52 Әлем футболы

Футболшы жақын арада грекиялық клубқа ауысқысы келеді.

«Антверпен» футболшысы жаттығуға қарсылас команданың жейдесін киіп келді

Бельгиялық "Антверпеннің" шабуылшысы Дидье Ламкель Зе ерекше оқиғаға тап болды, деп жазды COPA90 басылымы.

Камерундық футболшы осы трансферлік терезеде грекиялық "Панатинаикос" клубына ауысқысы келеді және қазіргі клубына бұл ауысымды тездету үшін қысым көрсетуде. Бұл жолы ол жаттығуға "Антверпеннің" Бельгия чемпионатындағы қарсыласы "Андерлехттің" жейдесін киіп келді. Жаттығу базасының қызметкерлері футболшыны кіргізбей қойды. Дидье біраз уақыт бойы кіруге тырысты, бірақ бұл ойы іске аспады.

Дидье "Антверпенде" 2018 жылдан бері ойнайды. Осы маусымда 24 жастағы шабуылшы 5 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді. 19 турда 31 ұпай жинаған "Антверпен" турнирлік кестеде бесінші орында тұр. "Андерлехт" (32 ұпай) бір саты жоғарыда тұр.

0 пікір