
Бразилиялық қорғаушы Энцо Мендес Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жастағы Энцо — футзал әлемінің аңызы саналатын, Бразилия құрамасының бұрынғы жұлдызы Фалькаоның ұлы. Әкесі Фалькао футзал тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі ретінде кеңінен танымал.
Бұған дейін Энцо Мендес "Елімай” клубының қатарына қосылуға тырысқан болатын. Алайда сынақ барысында Семейлік команданың бапкерлер штабының көңілінен шыға алмады. Осы жағдайдан кейін Энцоның әкесі Фалькао клуб басшылығын қатаң сынға алған.
Енді Энцо кәсіби мансабын "Оқжетпес" сапында жалғастырады.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET