Кенжебек қазан айынан кейін Ресей чемпионатына ауысуы мүмкін

Айдын Қожахмет мәліметі бойынша Тараз тумасына РПЛ бірнеше командасы қызығушылық білдіріп отыр екен. 

Кенжебек қазан айынан кейін Ресей чемпионатына ауысуы мүмкін

Алайда инсайдер Ғалымжанды нақты қандай команда қатарға қосқысы келіп отырғанын ашып айтпады. 

Бірақ ойланып қарайтын болсақ, Кенжебекке қазақ футболымен таныс Ресейдің бірнеше командасын қарастыруға болады. Оның ішінде “Пари” НН, “Зенит”, “Ахмат” және “Крылья Советов”. Бұл клубтардың қазіргі бапкерлері кезінде қазақ футболы аясында қызмет жасаған. Сол себептен, оларда Ғалымжан Кенжебек жайлы біраз мағлұмат бар. Оның үстіне ойыншының соңғы ойындары  жанкүйерлердің көзін тойдыруда.

Бір айдан кейін футболшының “Елімайдағы” келісім шарты аяқталады. Сол сәтте ол өз командасынан қалаған ұжымға еркін агент ретінде қосыла алмақ. 

Еске салсақ, бұған дейін шотландиялық “Хартс” командасы Годидің өнерін жіті бақылап жүргенін жазып жеткізіп едік.

Алдағы уақытта отандасымыз еуропалық команданың ұсынысына басымдық береді деген ниеттеміз. Ресей чемпионатына қайтып оралуға әрқашанда мүмкіндік бар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×