
«Болонья» - «Наполи»
Маусымның басын сәтсіз бастаған «Болонья» ақырындап жағдайды түзей алды. ЧЛ-нан ұшқан соң Винченцо Итальяноның командасы бар күшін ішкі біріншілікке салған. Бұл өз жемісін берді: «рособлу» қазір Чемпиондар Лигасының зонасында, алайда, «Ювентус» бастаған бәсекелестер өкшелеп қалды.
«Болонья» соңғы алты ойынды жеңіспен аяқтады. Ал соңғы үш кездесуде гол жібермеген.
«Наполи» өткен турда «Миланды» 2:1-мен ұтып, Скудеттодан үміт үзбегенін, әлі де күресетінін аңғартты. «Интерден» бар жоғы төрт-ақ ұпай қалып келеді, демек көш бастайтын мүмкіндік әлі бар. Ол үшін енді әр ойында ұпай қорын толықтыру маңызды.
Болжам - Бірінші таймның тоталы 1-ден көп болады. Fonbet.kz бұған 2.40 коэффициент береді.
«Лестер» - «Ньюкасл»
Дәл қазір АПЛ-де ең осал команданың бірі осы «Лестер». «Түлкілердің» осалдығын турнирлік кестедегі орны ғана емес, алаңдағы ойыны да айғақтайды - соңғы алты матчты ұтылды. Ол аздай осы ойындардың ешқайсысында гол сала алмаған. Егер ары қарай кризис жалғасса, «Саутгемптон» секілді мерзімінен бұрын премьер-лигадан ұшып кетуі кәдік.
«Ньюкасл» өткенде Лига Кубогін олжалаған соң АПЛ-де «Брентфорды» ұтты 2:1. Егер бүгін аутсайдерден айласын асырған жағдайда, төртінші орындағы «Челсимен» теңесетін мүмкіндік бар. Статистикасы да тәуір - «Лестерге» қарсы соңғы бес бәсекенің төртеуі «сауысқандардың» жеңісімен аяқталған.
Бұл ойында біз екі команда да гол салады деп топшылаймыз. Оның коэффициенті - 1.98.
«Леганес» - «Осасуна»
«Леганес» биылғы біріншілікте қол жеткізген алты жеңісінің бесеуін өз алаңында тіркеген. Нағыз үй командасы, иә? Соңғы үш ойында тегіс ұтылды, бірақ «Леганес» оның барлығында да голсыз кеткен жоқ, тіпті «Реал» Мадридтің өзін састырды (2:3). Борха Хименестің командасының басты мақсаты Примерадағы тіркеуін сақтап қалу. Ал оны орындау үшін «Осасунадан» артық қарсыласты табу қиын. Соңғы жеті турда жеңіске жете алмай келе жатқан қарсыластан ұпай алмағанда, кімнен алады?
«Осасуна» да турнирлік кестенің екінші жартысында. Бірақ памплондықтарға ұшып кету қаупі төніп тұрған жоқ. Өткен жолы «Атлетикпен» ұпай бөлісті 1:1. Маусымды сәтті бастаған «Осасуна» ақырындап қарқынын бәсеңдетіп алды.
Біздің болжам - қонақтар бірінші таймда гол салады. Бұл нұсқаға Fonbet.kz-те 2.40 коэффициентімен бәс тігуге болады.
Біздің серіктес: FONBET