
«Арсенал» - «Челси» - қонақтардың жеке тоталы 1.5 -нан көп -3.70 кф
Лондондық дерби АПЛ-дің 29-турындағы орталық кездесудің бірі. Алаң иелері 2021-жылдан бері «Челсиге» үстемдік танытып келеді - өзара соңғы екі ойындағы есеп 3:1, 5:0 «канонирлер» пайдасында. Бірақ, Микель Артетаның командасы қазір ауыр күндерді басынан өткеруде чемпионаттағы соңғы үш кездесуді жеңіссіз аяқтады. Сака, Хаверцтей шабуыл өтіндегі негізгі ойыншылар әлі жарақатын емдеуде. Сондай-ақ, «Арсенал» соңғы үш ойынның екеуінде гол соға алмай жүр.
«Челси» соңғы екі ойында жеңіске жетіп, жағдайын сәл түзеп алды. Бірақ Энцо Мареска командасы сырт алаңда өте сәтсіз ойнайды - 14 матчтың алтауында ғана 3 ұпай еншілеген. Ал бүгінгі қарсыласы «Арсенал» екенін ескерсек, жеңіс тұрмақ, бір ұпай алудың өзі үлкен олжа болайын деп тұр. Десе де бүгін «Челси» кемі екі гол салып кететін секілді. Жалпы матч нәтижелі болады деп топшылаймыз.
«Арсенал» - «Челси» - қонақтардың жеке тоталы 1.5 -нан көп -3.70 кф.
«Атлетико» - «Барселона» - екінші таймның жалпы тоталы 1.5-нан көп - 1.80 кф
ЧЛ-даулы пенальти сериясындағы сәтсіздіктен кейін Диего Симеоненың командасы тағы азулы қарсыласпен жолықпақ. Ла Лиганың 28-турының орталық матчында біраз дүниенің жауабы белгілі болайын деп тұр -алаң иелері жеңіске жетсе (артық бір ойыны бар) көш бастайды. «Атлетико» қазір үшінші келеді және «Реал» мен «Барселонадан» озатын тамаша мүмкіндікке ие. Мадридтік клуб өз алаңында әдеттегідей өте сұрапыл.
Ханси Фликтің шәкірттері «Бенфикадан» кейін көтеріңкі көңіл-күймен ішкі біріншіліктегі күресіне қайтып оралды. Каталондық клубтың мадридтіктерге қарсы статистикасы тәуір - Мадридтегі соңғы екі кездесуде жеңіске жеткен. Одан кейін «Барса» соңғы 18 матчта гол соғуда.
Болжам - «Атлетико» - «Барселона» - екінші таймның жалпы тоталы 1.5-нан көп - 1.80 кф.
«Аталанта» - «Интер» - екі команда гол соғады - 1.70
А Сериясының орталық ойынында «Аталанта» көшбасындағы «Интерге» жақындауға тырысады. Қазірше қос команданың арасын 3 ұпай бөліп тұр. Алаң иелері соңғы турда сырт алаңда «Ювентусты» тас талқан етіп қайтқан 4:0. Ал «Интер» аутсайдер «Монцадан» 0:2-мен ұтылып жатып, ақыры жеңіске жетіп тынды 3:2.
Болжам- «Аталанта» - «Интер» - екі команда гол соғады - 1.70 кф.
Біздің серіктес: FONBET