Ағылшын премьер-лигасының басшылығы қаржылық қулыққа байланысты екі маусым еуро бәсекелерден шеттетілген «Манчестер Ситиге» шара қолдануы мүмкін деп хабарлайды The Independent. Клуб 2012-2016 жылдар аралығында УЕФА Fair Play ережесін бұзған.
Клуб АПЛ-ға қатысу лицензиясын алу үшін дәл сол есепті ұсынған болатын. Ал аталған мәліметтердің қисынсыз екенін УЕФА дәлелдеп отыр. Сондықтан бұл біріншілікте де ескерусіз қалмауы ықтимал.
Айта кетейік, егер «Манчестер Сити» чемпионаттан шығарылса, онда Англияның 2-лигасына (төртінші девизионға) төмендемек.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET