АПЛ-да соңғы 10 жылда ең көп гол салған сұрмергендер

02.01.2020, 21:51
АПЛ-да соңғы 10 жылда ең көп гол салған сұрмергендер

Ағылшын Премьер-лигасында соңғы 10 жылда ең көп гол тоғытқан ойыншы - "Манчестер Ситидің" аңызға айналған шабуылшысы Серхио Агуэро. Ол "Ман Сити" сапын 2011 жылдың жазында толықтырған болатын. Содан бері 174 голдың авторы атанып үлгерді.

Ал Агуэродан кейін 136 гол соққан Харри Кейн мен қарсылас қақпасынан 114 мәрте саңылау таба білген Уэйн Руни жайғасқан.

АПЛ-дың соңғы он жылдығындағы ең үздік голеадорлар:

  1. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити") - 174 гол;
  2. Харри Кейн ("Тоттенхэм") - 136;
  3. Уэйн Руни ("Манчестер Юнайтед", "Эвертон") - 114;
  4. Ромелу Лукаку ("Челси", "Эвертон", "Вест Бромвич", "МЮ") - 113;
  5. Робин ван Перси ("Арсенал", "Манчестер Юнайтед") - 98;
  6. Джейми Варди ("Лестер Сити") - 97;
  7. Эден Азар ("Челси") - 85;
  8. Оливье Жиру ("Арсенал", "Челси") - 78;
  9. Рахим Стерлинг ("Ливерпуль", "Манчестер Сити") - 77;
  10. Садио Мане ("Ливерпуль") - 76.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×