Дарвин Нуньес
«Әл-Хилал» Нуньестің трансфері бойынша «Ливерпульмен» келісімге келді. Енді шабуылшымен келісу ғана қалды.
«Әл-Хилал» Дарвин Нуньестің трансфері жөнінде «Ливерпульмен» ауызша келісім жасаған. Енді Сауд Арабиясының клубына 26 жастағы шабуылшымен жеке келісімге келу қажет, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Ақпарат көзінің мәліметінше, «Әл-Хилал» Уругвай құрамасының ойыншысымен жеке келісімшарт жайында келіссөздер жүргізіп жатыр. Нуньеске клубтың бас бапкері Симоне Индзаги жеке қызығушылық танытып отыр.