АПЛ-дің өткен маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

09.09.2020, 16:40
Өткен маусымда рекордты бұза жаздаған еді.
АПЛ-дің өткен маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

"Манчестер Сити" мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне Англия Премьер-лигасының жыл ойыншысы атанды.

2019/2020 маусымда Де Брюйне «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анридің Премьер-лигадағы рекордын қайталап, 20 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, бельгиялық футболшы 13 голдың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Де Брюйне «Манчестер Сити» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді.

Ал «Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александр-Арнольд «Жылдың жас ойыншысы» атанды.


Бұл сыйлыққа сонымен қатар Тэмми Абрахам, Мэйсон Маунт (екеуі де «Челси»), Мэйсон Гринвуд, Маркус Рэшфорд (екеуі де «Манчестер Юнайтед») және Букайо Сака («Арсенал») үміткер боған еді.

21 жастағы Трент Александр-Арнольд - «Ливерпульдің» түлегі. Өткен маусымда ол Англия Премьер-лигасының 38 матчына қатысты (35 - негізгі құрамда), төрт гол соқты, 13 нәтижелі пас берді, сондай-ақ бес сары қағаз алды. Футболшының мерсисайдтық клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×