АПЛ-дің қыркүйек айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

10.10.2020, 00:00
«Эвертон» қыркүйек айында өткізген үш ойында да жеңіске жетті.
АПЛ-дің қыркүйек айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

«Эвертон» шабуылшысы Доминик Калверт-Льюин Англия премьер-лигасының қыркүйек айындағы үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды лиганың баспасөз қызметі.

Дауыс беруде 23 жастағы ойыншы өзінің командаласы Хамес Родригестен, сондай-ақ Патрик Бэмфордтан ("Лидс Юнайтед"), Тимоти Кастаньнан, Джейми Вардиден (екеуі де "Лестер Сити"), Харри Кейннен ("Тоттенхэм Хотспур"), Тарик Лэмптиден ("Брайтон") Садио Манеден ("Ливерпуль") озып кетті.

Өткен айда Калверт-Льюин "Эвертон" үшін жеңіске жеткен Премьер-лиганың үш ойынына қатысты. Осы ойындарда "Эвертон" "Тоттенхэмді" (1:0), "Вест Бромвич Альбионды" (5:2) және "Кристал Пэласты" (2:1) жеңді. Доминик осы кездесулерде барлығы бес гол соқты.

"Эвертонның" бас бапкері Карло Анчелотти қыркүйек айындағы Англия премьер-лигасының үздік бапкері деп танылды, деп лиганың ресми сайты хабарлады.

Дауыс беру кезінде итальяндық бапкер Юрген Клоппты ("Ливерпуль"), Брендан Роджерсті ("Лестер Сити") және Дин Смитті ("Астон Вилла") артта қалдырды. Карло үшін бұл АПЛ-дегі бесінші және 2011 жылдың сәуірінен бері алғашқысы болып табылады. Ол алдыңғы төрт марапатты «Челсиде» болған кезінде алған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×