«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне 2019/2020 маусымындағы Англия Премьер-лигасының үздік ойыншысы деп танылды.
Үміткерлер қатарына Трент Александр-Арнольд, Джордан Хендерсон, Садио Мане (барлығы "Ливерпуль"), Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити"), Дэнни Ингс ("Саутгемптон"), Ник Поуп ("Бернли"), Джейми Варди кірді ("Лестер") кірді.
Өткен маусымда Де Брюйне «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анридің премьер-лигадағы рекордын қайталап, 20 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар 13 голдың авторы атанды.
Англия Премьер-лигасының 2019/20 жылғы маусымындағы үздік бапкер анықталды.
Жылдың үздік бапкері атағын «Ливерпуль» жаттықтырушысы Юрген Клопп иеленді. 53 жастағы неміс маманы "Ливерпульмен" бірге мерзімінен бұрын (7 тур бұрын) Англия чемпионы атанды. Маусым қорытындысы бойынша екінші орындағы қарсыласынан 18 ұпай ұзап кетті.
Айта кетейік, жылдың үздік бапкері атағына Клопптан бөлек, Фрэнк Лэмпард («Челси»), Брендан Роджерс («Лестер») және Крис Уайлдер («Шеффилд Юнайтед») үміткер болған.
Біздің серіктес: FONBET