АПЛ футболшыларының айлығы қанша?

17.02.2020, 16:09
АПЛ футболшыларының айлығы қанша?

АҚШ-тың Spotrac сайты 2019-2020 жылғы Ағылшын премьер-лигасы ойыншыларының алып жүрген жалақыларын жариялады. Айта кетейік, бұл спортшылардың келісім-шартына арнайы маманданған сайт. Тізімге көз жүгіртсеңіз кейбір сандар таң қалдырары анық.

Сонымен алғашқы ондық төмендегідей:

  1. Давид Де Хеа: жылына £19,500,000 (айына £375,000 фунт)
  2. Кевин Де Брюйне: £18,200,000 (£350,000)
  3. Месут Озил: £18,200,000 (£350,000)
  4. Рахим Стерлинг: £15,600,000 (£300,000)
  5. Поль Погба: £15,080,000 (£290,000)
  6. Антони Марсьяль: £13,000,000 (£250,000)
  7. Серхио Агуэро: £11,967,000 (£230,135)
  8. Мұхаммед Салах, Харри Кейн, Маркус Рэшфорд, Танги Ндомбеле: £10,400,000 (айына £200,000)
  9. Александр Ляказетт: £9,467,273 (£182,063)
  10. Роберто Фирмино: £9,360,000 (£180,000)

Бір қызығы, "Ливерпуль" сұрмергені Садио Мане жылына £5,200,000 млн. фунт (£100,000 айына) табады. Сонымен қатар, бұл қатарда біз ойлағаннан да аз табатын ойыншылар баршылық. Мысалы, Уго Льориса (£5,2), Деле Алли (£5,2), Алиссон Бекер (£4,6), Лерой Сане (£4,6), Габриэль Жезус (£4,6) сынды футбол жұлдыздарын айтуға болады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×