АПЛ ойналмайтын секілді

05.05.2020, 16:19
АПЛ әбігерге түсті.
АПЛ ойналмайтын секілді

Алдағы жұмада ағылшын премьер-лигасының клубтары маусымды қайта жалғастыру жобасына қатысты дауыс береді. Ал, 7-ші мамыр күні Британия үкіметі карантин шараларын жеңілдету туралы мәлімдеме жасайды. Келесі күні жоғарғы лиганың 20 клубы маусым тағдырын шешетін маңызды жиын өткізеді. Видеоконференцияда командалардың жаттығу базасына қашан оралатыны анықталады. Сонымен қатар, біріншіліктің қайда өтетіні де шешілуі тиіс. Бұған дейінгі жиындарда командалар бір-біріне жақын орналасқан бейтарап алаңдарда чемпионатты жалғастыруы мүмкін деген ұсыныстар айтылды. Бірақ бұл бастамаға премьер-лиганың соңғы орнында келе жатқан клубтар қарсы болады. Енді қалған 92 матчты бейтарап алаңда өткізу туралы ұсынысқа 20 клубтың кем дегенде 14-і қолдап дауыс беруі тиіс.

Қанат Базылхан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×